Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығының 2- қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында белгіленген көлемдерге сәйкес көрсетілетін әлеуметтік- педагогикалық қызметке мыналар жатады:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық және түзеу-дамыту диагностикасын және зерттеуді жүргізу;
7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
8) балаларды дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
9) есту қабілеті бұзылған балаларды сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тілін үйретуіне жәрдемдесу;
10) ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер жатады.