Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығының 2- қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында белгіленген көлемдерге сәйкес көрсетілетін әлеуметтік- медициналық қызметке мыналар жатады:

     1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);

     2) дәрігерге дейін көмек көрсету;

     3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

     4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;

     5) емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

     6) ОЖБ-ға сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

     7) қызметтерді алушыларды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету;

     8) әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;

     9) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;

     10) денсаулыққа байланысты процедураларды (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімде) жүргізу;

     11) емдік-дене жаттығулар жасауға көмек көрсету;

     12) кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу және дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;

     13) қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету;

     14) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;

     15) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;

     16) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене шынықтыру жаттығуларын орындауда көмек көрсету жатады.