Еңбек кабинеті:
Еңбек кабинетінің жалпы ауданы 16,2 м2. Кабинетте еңбек мұғаліміне арналған 1 орын. Жеке түзете - дамыту сабақтарға 2орын қарастырылған. Еңбек кабинетінде 1,5жастан 18 жасқа дейінгі балалармен топтық және жеке сабақтар өткізіледі. - Балаларға өзіне –өзі қызмет көрсету дағдыларына байланысты ас бөлме
бұрышы(ас бөлме ыдыстары); - Түйме, бау, белдік, замок тағып үйрену бұрышы;
- Қолдың ұсақ моторикасын дамыту(ермексаз, табиғи материалдар,
қағаз және қатырма қағаздар); - Іс тігетін машина.
Еңбек кабинетінің жұмыс уақыты:
- Дүйсенбі-жұма 9:00 -12:30
- Дүйсенбі-жұма 13:00 -16:00
Еңбек кабинетінің ережесі:
- Кабинетті ылғалды тазалау күнделікті жүргізіледі; - Кабинетті кварцтау және желдету күнделікті жүргізіледі; - Кабинетті генералдық тазалау айына бір рет жүргізіледі; - Жұмыс күнінің соңында терезелер тексеріліп, электр құрылғылары
сөндіріледі.
Еңбек кабинетінің түзете дамыту жұмыстары: - Балалардың даму ерекшеліктерін және жағымды мүмкіндіктерін есепке
ала отырып дұрыс құрылған түзету бағытта оқыту;
- Мүмкіндіктері шектеулі балалардың кейбір ерекшеліктерін түзетуге
немесе белгілі бір деңгейге дейін азайтуға мүмкіндік беру:
- Ақыл - ой дамуында ауытқушылықтары бар балаларды қол еңбегіне
оқыту,түзету жұмыстарын жүргізу.