Физиотерапия кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

 

Физиотерапия - физикалық факторлардың көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу әдісі. Физиотерапевтер науқастармен жұмысында магнитотерапия, соққы толқыны терапиясы, электротерапия, миостимуляция, фонофорез, жылумен емдеу, электропункция және басқа да бірқатар әдістерді қолданады.

 

Әлеуметтік қызмет алушыларға көмек көрсету үшін емдеу-алдын алу мен оңалту мақсатында орталықта   физиотерапиялық кабинет ұйымдастырылған. Әлеуметтік қызмет алушыларға физиотерапия кабинетінде электрмен, жарықпен және жылумен ,магниттітерапиямен емдеудің негізгі түрлері жүргізіледі.

 

Мейірбике физиокабинетті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді,тағайындаудың уақытылы және емдік емшаралардың орындалуына жауап береді, физиотерапевтік аппаратурадағы жұмыстың қауіпсіздігіне жауап береді.

 

Физиотерапия кабинеті 2 бөлмеден турады

 

Жүйке жүйесінің ауруларымен (нейроинфекциялардың салдары, церебральды сал ауруы, перифериялық нервтер, бас миының жарақаты, жүйке-бұлшықет дистрофиясы және т.б.) жұмыс істеу. Нейротикалық реакциялар, невроздар (тиктер, кекештену, энурез, ЛОР ауруларын емдеуде (тонзиллит, отит, риносинусит және т.б.) болған кезде олар негізінен физиотерапиялық кабинетте құрылғылармен қамтамасыз етілген физиотерапия әдістерін қолдана отырып жүргізіледі:

 

1. Амплипульс

 

2. Электрофорез

 

3. Биоптрон

 

4. Магнитті терапия

 

5. Парафиндітерапия

 

6. Небулайзер(ингаляция)

 

Сондай-ақ физиотерапия тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуде және оңалтуда өте кең таралған, атап айтқанда:

 

• Сколиоз ауруы

 

• Туа біткен табан

 

• Жамбастың туа біткен шығуы

 

• Остеохондропатия

 

• Жарақаттар

 

• Ювенильді ревматоидты артрит және т.б.

 

Физиотерапия кабинетінің жабдықтары

 

Физиотерпия кабинеті санитарлық стандартқа сәйкес ширмамен 2 ге бөлінген бір төсекке 8 шаршы метрден айналады.

 

Кабинетте екі терезе, қабырғада кварц шамымен қамтамасыз етілген уақытылы кабинет кварцталып желдетіліп тұрады.

 

Кабинеттің жалпы көлемі 37,4 шаршы метрді құрайды, еден арнайы кафельмен қапталған, қабырға 2 метрге кафелденген. Кабинетте жылу, су құбырлары жургізілген. Кабинетте шкаф құжаттарға арналған, киім шкафы, устел орындығымен орналасқан.