«Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімшесінде «Білім» күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шарамыз дәстүрге айналған және игі істің бастамасы болып табылатын «Мектепке жол» акциясында өткізіліп отыр. Мекемеден биылғы жылға 1 сыныпқа баратын балаларды мекеме директоры құттықтап жылы лебізін білдірді.
Бүгінгі мерекелік іс-шараға демеушілік етіп отырған Forte Bank өкілдері, жеке кәсіпкер Төлеухан Сырым Абайұлы, Компания: ТОО «TIAI GROUP» балаларға мектепке ұстайтын сумка (рюкзак) оқу жазу құралдарын және кеңсе тауарларын толықтай толтырып тарту етті.





